Ел экономикасына қысым күшейді. Маңызды инфрақұрылым нысандарының бүлінуі және халықаралық санкциялар жағдайды ушықтырған. Соңғы айда шикізаттан тыс экспорт көлемі 30 пайызға жуық қысқарса, Қытаймен сауда бір жыл ішінде 80 пайызға төмендеген.
Билік дағдарысты тежеу үшін бірқатар шара қабылдады. Азық-түлік қорын толықтыру үшін ұлттық қордан 1 млрд доллар бөлінді. Сонымен қатар ел ішінде ресурсты сақтау үшін болат пен мұнай-химия өнімдерін сыртқа шығаруға шектеу қойылды.
АҚШ тарапынан қысым әлі де жалғасуда: ирандық танкерлердің қозғалысы шектеліп, қаржы арналарына бақылау күшейтілген. Бұл жағдай Иран экономикасының сыртқы әлемнен оқшаулануын бұрынғыдан да тереңдете түсті.
Осыған дейін Иранның қақтығысты реттеу жөніндегі ұсынысына Трамптың көңілі толмай отырғаны туралы жаздық.