Иранның қақтығысты реттеу жөніндегі ұсынысына Трамптың көңілі толмай отыр
АСТАНА. KAZINFORM - Вашингтон келіссөздердің бастапқы кезеңінде-ақ ядролық бағдарламаны талқылауды талап етеді. Бұл туралы Kazinform агенттігінің Таяу Шығыстағы меншікті тілшісі хабарлады.
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның жанжалды реттеуге қатысты соңғы ұсынысына наразылын білдірді. Шетелдік ақпарат құралдарының дерегінше, бұл ұсыныста ядролық бағдарламаны талқылау кейінге қалдырылған.
Бұған дейін Тегеран пәкістандық делдалдар арқылы Вашингтонға кезең-кезеңімен жүзеге асатын жоспар жолдаған. Алғашқы кезеңде қақтығысты тоқтатып, Парсы шығанағындағы, соның ішінде Ормуз бұғазындағы кеме қатынасы мәселесін реттеу ұсынылған. Ал ядролық бағдарлама тек содан кейін қарастырылуы тиіс болған.
Алайда АҚШ тарапы ядролық мәселені келіссөздің ең басында талқылау қажет деген ұстанымда. Ақ үйдегі талқылаулардан хабардар дереккөздердің мәліметінше, Дональд Трамп бұл мәселені кейінге қалдыруды құптамайды және оны келіссөздердің бастапқы кезеңінде қарастыруды талап етіп отыр.
President Trump is unhappy with the latest Iranian proposal on resolving the two-month war, a US official said, dampening hopes for a resolution to the conflict that has disrupted energy supplies, fueled inflation, and killed thousands https://t.co/jmAM6nYFGO
— Reuters (@Reuters) April 28, 2026
— Бұл ұсыныс оған ұнап отырған жоқ, — деп келтіреді шетелдік басылымдар америкалық шенеуніктің сөзін.
Сонымен қатар, ақпарат көздерінің хабарлауынша, Ақ үй Иран порттарына қойылған шектеулерді ядролық бағдарламаға қатысты нақты келісімсіз жеңілдету АҚШ-тың келіссөздегі негізгі тетіктерінің бірінен айырылуына әкелуі мүмкін деп санайды.
Ақ үй келіссөздердің егжей-тегжейіне қатысты пікір білдіруден бас тартты.
Президенттің баспасөз хатшысы Оливия Уэльс Вашингтон өз ұстанымын нақты айқындап қойғанын ғана жеткізді.
Дереккөздердің мәліметінше, бұл ұсыныс дүйсенбі күні Дональд Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілерімен өткен кездесуде талқыланған. Алайда АҚШ-тың алдағы қадамдары әзірге белгісіз күйінде қалып отыр.
Pleased to engage with Russia at the highest level as the region is in major flux.
— Seyed Abbas Araghchi (@araghchi) April 28, 2026
Recent events have evidenced the depth and strength of our strategic partnership. As our relationship continues to grow, we are grateful for solidarity and welcome Russia's support for diplomacy. pic.twitter.com/I1VyDSfxET
Өткен демалыс күндері Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи Исламабадқа екі рет барып, Оманға сапарлады. Дүйсенбі күні ол Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Ал Дональд Трамп арнайы өкіл Стив Уиткофф пен кеңесші Джаред Кушнердің Исламабадқа жоспарланған сапарын кейінге қалдырды.