Бұл туралы түркиялық Анадолы хабарлады.
Иранның мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, шабуыл Керманшах провинциясының орталығындағы Хафизие және Чакоголан тұрғын үй алаптарына жасалған.
Керманшах провинциясының губернаторы Әсел Кехризи соққылардың жуырда ғана жасалғанын және оның салдарынан мерт болғандар арасында 4 мектеп оқушысы бар екенін хабарлады.
Осыған дейін АҚШ-тың Иранға қарсы «шешуші соққы» жасауды қарастырып жатқаны туралы жаздық.
Ал Израиль армиясы Тегеранға ауқымды соққылар жасағанын хабарлады.