Иранда бала туу көрсеткіші төмендеп барады

Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM – 1990–2010 жылдар аралығында Иран халқының өсу қарқынын бәсеңдету мақсатында халық санының өсіміне бағытталған саясат жүргізді, деп хабарлайды Анадолы

Алайда Иранда қабылданған «Отбасы мен жастарды қорғау туралы заңға» қарамастан, елде туу деңгейі төмендеа барады.

«Шарк» газетінің Халық және азаматтық істер басқармасы мен Иранның статистика орталығының деректері негізінде дайындаған мәліметіне сәйкес, 2021 жылы Иранда 1 миллион 114 мың сәби дүниеге келген. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 12 пайызға төмендеп, 979 мың 928 бала дүниеге келген. 2025 жылы туу саны алдыңғы жылмен салыстырғанда тағы 7 пайызға қысқарып, шамамен 911 мың болады деп болжанып отыр.

Иран Ұлттық халықты басқару агенттігінің бас хатшысы Мерзие Вахид Дестджерди «Шарк» газетіне берген сұхбатында туу көрсеткішінің төмендеуіне қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, елдегі жастар өздері бетпе-бет келіп отырған қиындықтарға байланысты бала сүю мәселесіне аса сақтықпен қарайды. Дестджерди «Отбасы мен жастарды қорғау туралы заңның» қабылдануына қарамастан, туу деңгейінің төмендеу үрдісі жалғасып жатқанын, ал ата-аналар үшін бала дүниеге әкелу барған сайын күрделі шешімге айналып отырғанын атап өтті.

Иранның ішкі істер министрі Искендер Мумини де Иран халқының саны 75 жылдан кейін 40 миллион адамнан төмендеуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, туу көрсеткішін арттыруды көздейтін «Отбасы мен жастарды қорғау туралы заң» Иран парламенті тарапынан 2021 жылғы 16 қазанда қабылданып, Конституцияны қорғау кеңесі бекіткеннен кейін 2021 жылғы 15 қарашада күшіне енді.

1990–2010 жылдары Иран халық санының тым жылдам өсуін тежеу үшін бақылаулы демографиялық саясат жүргізді.

Алайда 2012 жылы Иранның рухани көшбасшысы Әли Хаменеинің нұсқауымен бұл саясаттан бас тартылып, ел халқының санын 150–200 миллион адамға дейін арттыру бағыты жарияланды.

Айта кетелік Иранда кедейлік ушығып баратыны туралы жазған едік