Оның ішінде Иранда 3,2 миллионға жуық адам, Ливанда 1 миллионнан астам адам үйлерін тастап кеткен. Сонымен қатар қақтығыс барысында шамамен 4,1 мың адам қаза тапқан: оның 2,4 мыңы Иранда, 1,7 мыңы Ливанда тіркелген.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы деректеріне сәйкес, 28 ақпаннан бері түрлі жарақат алғандар саны 45,7 мың адамға жуықтаған. Олардың қатарында Израиль аумағында Иран шабуылдары салдарынан зардап шеккен 7 мың адам да бар.
Айта кетейік, осыған дейін Изриаль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Израиль Иранмен кез келген сәтте қайта соғысуға дайын екенін айтқан болатын.
Ал АҚШ пен Иранның келіссөз жүргізуші топтары сенбі күні Исламабадта кездеседі.