Иранның батысында 5,3 балдық жер сілкінісі болды

Жексенбі күні сағат 23:15-те Иранның батысында магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazinform Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: ҚазАқпарат

Жерасты дүмпулерінің ошағы, алдын ала мәліметтер бойынша, координаталары солтүстік ендік 30,97 градус және шығыс бойлық 49,35 градус болатын нүктеде орналасқан.

Гипоцентрі 10 км тереңдікте жатыр.