Иранның Бендер-Аббас портындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 70 адамға жетті
АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылғы 26 сәуірде Иранның Хормозган провинциясындағы Бендер-Аббас портында болған жарылыстан қаза тапқандар саны 70 адамға жетті, деп хабарлайды Анадолы.
Бұл туралы Иранның мемлекеттік телеарнасы Төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз хатшысы Хосейн Зефериге сілтеме жасап хабарлады.
Оның айтуынша, жарылыстан зардап шеккен 1072 адам ауруханадан шығарылған, 120 адам әлі де ем қабылдап жатыр.
Күшті жарылыс 26 сәуір күні түсте, Иранның оңтүстігіндегі Парсы шығанағы жағалауында орналасқан Бендер-Аббас портында болған. Оқиға орнынан түсірілген суреттерде порттың бір бөлігі қатты зақымданғаны көрінеді.
Иран билігі әзірге бұл жарылыстың диверсия әрекеті екенін растайтын дәлелдер жоқ екенін мәлімдеді.
Иранның ішкі істер министрі Искандер Мумини мемлекеттік телеарна арқылы жарылыстың себебі – қауіпсіздік шараларының сақталмауы мен жауапты тұлғалардың салғырттығы екенін растады.
Жарылыстан кейін шыққан өрт толық сөндірілген.
Айта кетелік Иранның оңтүстігіндегі портта жойқын жарылыс болған еді. Оқыс оқиға салдарынан кем дегенде 14 адам қаза тауып, 750-ден астам адам жараланды.
Қайғылы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы Иран Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.