«Өздеріңіз білесіздер, сол оқиғадан кейін АҚШ және Изарильдің барлау қызметі жариялағандай бұл оқиғада Иранның ешқандай қатысы болмаған. Сондай-ақ сол оқиғалардан кейін Иранны жоғары діни жетекшісі Иранның бұл оқиғада ешқандай қатысы болмағанын айтты. Басқалардың өзі соны айтып отыр», - деді Иран Елшісі.
Әли Акбар Джоукар Палестина мен Израиль арасындағы тартыстың тарихын қадағалап келе жатқан кез келген адам Иранның бұл қақтығыстарға ешқашан тікелей араласпағанын біледі деп есептейтінін айтты.
«Израильдің бұл шабуылға Иранның қатысы бар деп мәлімдеуінің себебіне үңілсек, астарында мынандай мақсат жатқан болуы мүмкін. ХАМАС-тың 7 қазан күнгі сенбідегі шабуылы жойқын болғаны ұйымның әскери әлеуетін көрсетті. Сол әскери әлеуетті елеусіз етіп көрсету үшін артында Иран тұр деп мәлімдеп отырған болуы ықтимал», - деді Әли Акбар Джоукар.