Министрліктің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Хосейн Керманпур X әлеуметтік желісінде қаза тапқандардың арасында екі әйел мен бір жасөспірім бар екенін хабарлады.
Оның айтуынша, ең көп зардап шеккендер Хормозган және Систан мен Белуджистан провинцияларында тіркелген. Қазіргі уақытта жараланғандардың 72-сі ауруханада ем қабылдап жатыр.
Иран армиясы өз сайтында жариялаған мәлімдемеде сәрсенбіге қараған түні Систан мен Белуджистан провинциясындағы Бампур ауданындағы әскери гарнизонға жасалған шабуыл салдарынан жеті әскери қызметкер қаза тауып, тағы 13-і жараланғанын хабарлады.
Соңғы бірнеше күнде АҚШ әскері Иранның оңтүстік провинцияларына бірнеше мәрте соққы жасады. Вашингтон бұл шабуылдарды Иран күштерінің Ормуз бұғазындағы кемелерге шабуылына жауап әрі Тегеранның халықаралық сауда кемелеріне қауіп төндіру мүмкіндігін әлсірету мақсатында жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
Өз кезегінде Иран Батыс Азиядағы АҚШ-тың әскери базалары мен нысандарына зымырандар және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен бірнеше рет жауап соққысын жасады.
Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ Иранға қарсы жаңа соққылар сериясын бастағанын жаздық.
Сондай-ақ Трамп Иран келіссөзге оралмаса, көпірлерін тас-талқан ететінін ескертті.
Ал Иран Ормуз бұғазын ашуға негіз болатын шарттарын ұсынды.