Иранның оңтүстігіндегі портта жойқын жарылыс болды
АСТАНА. KAZINFORM — Бендер-Аббастағы Шахид Раджаи портында жарылыс болды, деп хабарлайды IRNA.
Соңғы мәліметтер бойынша жарылыс салдарынан зардап шеккендер саны 406 адамға жетті.
— Бендер-Аббастағы Шахид Раджаи портындағы қуатты жарылыстан кейін жедел жәрдем қызметі дереу дайындық күйіне келтірілді. Қазіргі уақытта ауруханаларға 406 зардап шегуші жеткізілді, — деді елдің Жедел жәрдем ұйымының өкілі.
Порттағы жарылысқа байланысты кеден қызметі Шахид Раджаи портындағы жарылыс Порттар және теңіз жүзу ұйымына қарасты «Сина» контейнер алаңында болғанын хабарлады.
Бұған дейін Иран мен АҚШ Оманда ядролық келіссөздер жүргізетіні мәлім болды. Екі жақ АҚШ санкцияларын жеңілдетудің орнына Иранның ядролық әрекеттерін тежеуге бағытталған келісімнің техникалық жақтарын келісуге тырысады.