«Қыс кезінде тұруға қолайсыз саяжай үйлері тұрғылықты баспаналар ретінде пайдаланылуда. Мәселен, биылғы 22 қыркүйекте Алматы және Павлодар облыстарында көмір жағатын пештің ақауы салдарынан 6 адамға ыс тиіп, ауруханаға жатқызылды. Дәл сол күні Оңтүстік Қазақстан облысындағы саяжайда да пештен шыққан улы газдан 1 адам уланып, көз жұмды», - деді ресми өкіл.
Оның сөзіне қарағанда, күз және қыс мерзімдерінде жеке тұрғын үйлер секторында пеш орнату мен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидалары ескерілмейтін жағдайлар кездесіп жатады. Осы себеп бойынша 2014-2015 жылдардағы жылу беру кезеңінде 1 149 өрт тіркелді.
Аталған кезеңде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары 556 адамды құтқарған, сонымен қатар 61 млрд. теңгеден астам сомадағы материалдық құндылықтарды сақтап қалды.
«Жылу беру маусымында өрттің негізгі себептері халықтың отты абайсыз пайдалануы (1731 жағдай немесе 33 пайыз), электр жабдықтарын монтаждау мен техникалық пайдалану талаптарын бұзу (814 жағдай немесе 15 пайыз), сондай-ақ пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамау (1 149 немесе 22 пайыз) салдарынан болып жатады»,-деді Р. Иманқұлов.