Ішімдік ішкен 130 жасөспірім ұсталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«13-19 қыркүйек аралығында елімізде «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Оның мақсаты – жасөспірімдер қылмысының жолын кесу, бала құқығын қорғау саласындағы құқық бұзушылықты анықтау, олардың құқықтық сауатын арттыру, сонымен қатар оларға қатысты қылмыстық озбырлықтың алдын алу», - деді ресми өкіл ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Оның атап өтуінше, іс-шараға полиция қызметкерлерінен бөлек білім беру, денсаулық сақтау, жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері жұмылдырылған.

«Апта ішінде операция барысында түнгі уақытта ата-анасынсыз далада жүрген 4,6 мың жасөспірім анықталды. Жасөпірімге қатысты 260-тан астам фактісі әшкереленді. шамамен 130 жасөспірім алкоголь ішкені және мас күйде жүргені үшін ұсталды. Бейімдеу орталығына қадағалаусыз және қорғансыз жүрген 260-тан астам жасөспірім орналастырылды», - деді Нұрділдә Ораз.



Соңғы жаңалықтар