«21 қыркүйекке дейін ҚР Бас прокуратурасы барлық қалаларда заңсыз митингілерге жол берілмейтіндігі туралы алдын ала ескерту жасаған еді. Сонымен қатар, біздің ведомство да бұл іс-қимылдар заңсыз екенін хабардар етті», - дед министр Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сауалына жауап бере отырып.
Оның атап өтуінше, 21 қыркүйек күні митингілер өтетін орындарға полиция тартылды, сондай-ақ тиісті профилактикалық жұмыстар жүргізілген.
«Осы күні ішкі істер органдарына 100-ге жуық адам жеткізіліп, оның 15-і әкімшілік қамауға алынды және 6 әкімшілік айыппұл салынды. Қалған азаматтарға қатысты профилактикалық жұмыстар жүргізілді», - деді Е. Тұрғымбаев.
Оның сөзіне қарағанда, заңсыз митингілер еліміздің 7 қаласында өткен.
Бұған дейін, Бас прокуратура 21 қыркүйекте болатын шеруге қатысты халыққа үндеу тастаған еді. Осы орайда заңсыз наразылық акцияларын өткізетіндер қандай жауапкершілікке тартылатыны түсіндірілді.