«Бұл тек қана тұжырымдама. Куәліктен айыру, әкімшілік қамауға алу және басқа мәселелер тек сот тәртібінде шешілуі тиіс. Бұл - біздің ұстаным», - деді министр Үкімет отырысынан кейін.
Бұдан бұрын жаңа Әкімшілік кодекстің тұжырымдамасы үлкен резонанс тудырған болатын. Түзетулердің бірінде сот шешімінсіз полицейлерге жүргізушілік куәліктен айыру құқығын беру ескерілген.
Жаңа Әкімшілік кодекстің тұжырымдамасы электрондық үкіметтің порталында жарияланды. Құжат бастамашысы ретінде ҚР Әділет министрлігі тіркелген.