Ішкі істер министрлігінің мәліметтер базасында ешқандай да іркіліс болған жоқ. Қарағанды тұрғындарына қатысты теріс мәліметтермен байланысты проблеманы Қаржы министрлігі шешіп жатыр. Аталған проблема барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың эталоны саналатын Әділет министрлігі базасы мен салық органдарының ақпараттық жүйесінің өзара әрекеттеріндегі кемшіліктерден туындаған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін азаматтардан кешірім сұраймыз», - деді Алмас Садубаев.
Айта кетейік, еліміздің бірқатар ақпарат құралы Ішкі істер министрлігінің мәліметтер базасындағы іркілістердің салдарынан мыңдаған қарағандылық борышкерлер тізіміне іліккенін хабарлаған болатын.