Осыған байланысты коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде ІІМ жұмыс тобының мүшелерін азаматтық қоғамнан сайлау туралы конкурс жарияланады.
Жұмыс тобының құрамы 9 мүшеден тұрады: коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан – 6 адам және ІІМ-нен – 3 адам.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді (АҚДМ-нің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің 9-тармағы).
Сонымен қатар, байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша да жұмыстар жүргізілуде.
Жұмыс тобына және байқаушылар құрамына ұсынылған кандидатура жайлы мәліметті хабарландыру жарияланғаннан кейін 5 күн мерзімде мына мекенжайға: индекс 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі немесе ku.elyubaev@mvd.gov.kz электронды поштасына жіберу қажет (Байланыс телефондары 8 7172 72 26 69, 8 7172 72 20 25).
Өтініш үлгілері ІІМ ресми сайтында жарияланған.