Іс-шараның мақсаты - қазіргі қазақстандық әйелдердің еңбек адамы ретінде мәртебесін нығайту, дағдарыс жағдайында оның рөлін арттыру, әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқару істеріне тарту, мемлекет саясатында отбасы мен некенің жағымды бейнесін қалыптастыру.
Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов өзінің құттықтауында: «Барлық - әйел қызметкерлерді, әскери қызметшілер мен ішкі істер органдары мен Ұлттық Ұланның ардагер әйелдерін құттықтап, мықты денсаулық, отбастарына амандық, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін. Сіздер атқарып жатқан қиындығы мол, маңызды істеріңізге сәттілік тілеймін!»-деп атап өтті.
Ішкі істер органдарында 12 мыңға жуық әйел, оның ішінде 729-ы басшылық лауазымда қызмет атқарады. Әйелдердің басым көпшілігі жергілікті полиция қызметінде, мамандандырылған күзет қызметінде, сараптамалық-криминалисттік және тергеу бөліністерінде, криминалдық полицияда еңбек етеді.
Іс-шара шеңберінде Қазақстан Республикасы ІІМ-нің клубында қызметкерлерге ведомстволық наградалар салтанатты түрде табыс етіліп, мерекелік концерт өтті.
Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында ішкі істер органдары мен ІІМ оқу орындарының 480-нен астам қызметкері ведомстволық наградалармен марапатталды.
Сондай-ақ, салтанатты іс-шара шеңберінде ҚР ішкі істер органдарының Медиа-орталығы ұйымдастырған ««Полиция.kz»-2016» аруы» фото конкурсының жеңімпазы Астана қаласының ІІД Жедел басқару орталығының бейнебақылау кезекші инспекторы полиция капитаны Сабина Чикаеваға диплом мен бағалы сыйлық тапсырылды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.