2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Азия ойындарының финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан ерлер құрамасы нысана көздеуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының іріктеу кезеңінде бақ сынады.

Фото: ҰОК

Ислам Сәтпаев, Константин Малиновский және Никита Шахторин 50 метрден үш қалыпта мылтықпен атудан іріктеу кезеңіне қатысты.

Нәтижесінде Ислам Сәтпаев 584 ұпай еншілеп, финалға өтті. Ал Константин Малиновский 583 ұпаймен 13-орын, Никита Шахторин 579 ұпаймен 20-орынмен жарысты аяқтады.

Іріктеу кезеңінің ұпайлары командалық бәсекеде де есепке алынды. Қазақстан құрамасы 1746 ұпаймен бесінші орынға жайғасты. Қытай бірінші орын алса, Үндістан екінші орынға ие болды. Ал Оңтүстік Корея үздік үштікті түйіндеді. 

Айта кетелік Қазақстандық семсерлесушілер Аичи-Нагояда жартылай финалға жолдама алған еді.