2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Қазақстандық семсерлесушілер Аичи-Нагояда жартылай финалға жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM — Семсерлесуден Қазақстан әйелдер құрамасы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды. 

Қазақстандық шпагашылар Азиада-2026-ның 1/2 финалына өтті
Фото: ҰОК

Ширек финалда қазақстандық семсерлесушілер Гонконг құрамасынан басым түсті.

Қазақстан сапында София Николайчук, Ирина Бакалдина және Владислава Андреева өнер көрсетті. Дарья Самоделкина қосалқы спортшы ретінде тіркелді.

Бәсеке 45:35 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.

Осылайша, қазақстандық шпагашылар Азиада-2026 жүлдесі үшін күресті жалғастырады. Олар кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.

Айта кетелік Қазақстан құрамасы байдарка есуден Азия ойындарының үздік үштігіне кірген еді.