НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық футболшы Исламбек Қуат Ресейдің «Химки» командасында ойнайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде «Химки» клубы хабарлады . Мәлім болғандай, ол медициналық комиссиядан сәтті өткен.
Футболшы ресми түрде команда құрамына қосылды.
Айта кетейік, «Химки» клубы 12 қыркүйекте Екатеринбургтің «Урал» командасымен кездеседі.
Исламбек Қуат 1993 жылы Қарағанды облысы Шет ауданы Ағадыр ауылында дүниеге келген.
Елімізде «Астана», «Оқжетпес», «Ақтөбе» және «Қайрат» командаларында ойын көрсетті. Биыл Ресейдің «Оренбург» клубының намысын қорғады.
Сондай-ақ, бүгін футболдан Қазақстан Премьер-лигасында екі ойын өтті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.