Исламиада-2025: Балуан Ислам Евлоев күміс жүлдегер атанды
23:00, 18 Қараша 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Ислам Евлоев Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медальға ие болды.
Жерлесіміз 87 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетті. ҚР ҰОК мәліметінше, Ислам шешуші белдесуде биыл 82 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанған ирандық Голамреза Фарохимен күш сынасты.
Фарохи ақтық сында 6:0 есебімен жеңіске жетті. Евлоев жарысты күміс жүлдемен аяқтады.
Бұған дейін Ислам Евлоев Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын медалі үшін күресетінін жазған едік.
Айта кетейік, Даниял Сапарбай бокстан әлем кубогі кезеңінде қола медаль алды.
Санжарәлі Бегалиев қола жүлдеге ие болды.