Euronews телеарнасының хабарлауынша, жаңа ережелер мигранттарды заңдастыру процесін жылдамдатып, қосымша еңбек құқықтарын қамтамасыз етеді.
Алдағы үш жылда 300 мыңға жуық заңсыз мигрант тұруға және жұмыс істеуге рұқсат алады.
— Үкім бұған дейін үш салаға жабылған жолды ашады: білім беру, жұмыспен қамту және отбасы, — деді Әлеуметтік қауіпсіздік және көші-қон министрі Эльма Саиз.
Испания үкіметі мемлекеттің әл-ауқатын сақтау үшін елге жылына 250 мыңға жуық тіркелген шетелдік жұмысшы қажет екенін айтады.
Бұған дейін реформа жобасын таныстырған премьер-министр Педро Санчес Испаниядағы бала туу көрсеткіші ЕО-дағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі екенін атап өтті.
— Көші-қон — экономикалық өсімге қол жеткізудің және халықтың қартаюына қызмет көрсетудің бірден-бір нақты құралы, — деді ол.
Ол соңғы онжылдықта Испанияға мигранттардың 94%-ы заңды түрде келгенін атап өтті: 40%-ы Латын Америкасынан, 30%-ы Еуропаның басқа бөліктерінен және 20%-ы Африкадан.
Бұған дейін Испанияда су тасқыны құрбандарының саны 223-ке жеткені белгілі болды.