Испанияда су тасқыны құрбандарының саны 223-ке жетті

АСТАНА. KAZINFORM -  Жәбірленушілердің көпшілігі Валенсия автономды қауымдастығында тіркелген, деп хабарлайды ТАСС.

Испаниядағы су тасқыны құрбандарының саны 223-ке өсті
Фото: BBC

Испанияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 223-ке жетті, құрбандардың басым көпшілігі елдің шығысындағы Валенсия автономды қауымдастығында тіркелген. Бұл туралы Испанияның көлік министрі Оскар Пуэнте X желісінде хабарлады.

«223 адам қаза тапты», - деп жазды ол. Оның айтуынша, Валенсияда 215 құрбан тіркелгенін, Кастилия-Ла-Манча автономды қауымдастығында – 7, Андалусияда – 1.

Хабар-ошарсыз кеткендердің саны – 78. Бұл ретте ведомство басшысы апат кезінде қаза тапқандардың 48-і әлі анықталмағанын атап өтті.

Испанияның оңтүстік-шығысындағы бүкіл аудандар мен ауылдар қирандыға айналды. Мұндай жойқын апаттың себебі аймаққа келген DANA класындағы дауыл болды. Ол көбінесе табиғи апаттарға айналатын атмосфералық «суық тамшы» құбылысын тудырды. Испания Премьер-министрі Педро Санчес осы ғасырда көрген ең ауыр су тасқынынан кейін өз елін қалпына келтіруге көмектесу үшін Еуропалық ынтымақтастық қорынан қаражат сұрады.

Испаниядағы алапат су тасқынынан 89 адам із-түзсіз жоғалғандар санатында қалып отырғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар