Испаниядағы алапат су тасқынынан 89 адам із-түзсіз жоғалғандар санатында қалып отыр

Испания: в наводнении погибли свыше 200 человек, множество пропавших без вести
Фото: Wikimedia / Eidursson

АСТАНА. KAZINFORM - Жақында Испанияның шығыс бөлігіне жойқын зардаптар әкелген су тасқынынан қаза тапқандар саны 217-ге жетсе, тағы 89 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Сәрсенбіде Бірыңғай деректер орталығы /CID/ оқиғалар туралы жариялаған мәліметтер бұған дәлел, деп жазады Синьхуа.

Қайтыс болғандардың 211-і Испанияның Валенсия аймағында көз жұмса, бесеуі көрші Кастилия-Ла-Манчада және тағы біреуі Андалусияда ажал құшты.

Испания үкіметінің мәліметінше, қазір зардап шеккен аймақта 7987 әскер мен 1639 техника, оның ішінде 12 тікұшақ пен 18 қайық жұмыс істеп жатыр.

Құтқару күштеріне Испанияның ұлттық полициясы мен азаматтық гвардиясының 5000-ға жуық қызметкері, сондай-ақ басқа құтқару қызметтері, соның ішінде елдің басқа бөліктерінен келген өрт сөндіру бригадалары көмектесіп жатыр. 

Испания үкіметінің қазірдің өзінде жарияланған көмек пакеттерінен басқа, Еуропалық инвестициялық банк (EIB) және Испания үкіметі де көмек көрсетуге ниет білдіріп отыр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Испанияда су тасқынына әкелген апат салдарынан Валенсияда көпір құлап, Малагада пойыз рельстен шығып кеткенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар
telegram