Бірақ, Халық партиясының нәтижесі сауалнама кезінде болжанған жақсы көрсеткіштен алшақтау – енді ол Vox оңшылдар партиясымен (33 депутаттық мандат) біріксе де, өздігінен билік ететін коалиция құра алмайды.
Енді елді қиын коалициялық келіссөздер күтіп тұр, оның нәтижесін болжау мүмкін емес. Мерзімінен бұрын өткен сайлауда консерваторларға басты қарсылас – билік басындағы Испания социалистік жұмыс партиясы болды, ол 122 орын алды. Төртінші орында – Sumar солшылдар партиясы альянсы, оған 31 мандат тиесілі.
Бұған дейін Халық партиясы Vox-пен коалиция құра алады деп болжанған еді. Осылайша, оңшылдар өкілдері Испания билігіне 1975 жылы диктатор Франциско Франко қайтыс болғаннан кейін алғаш рет Испания билігіне оралып отыр.
Алайда, қазір үкімет құру үшін оңшылдардың дауысы жеткіліксіз екені анық — дегенмен Халық партиясының жетекшісі Альберто Нуньес Фейхоо коалиция туралы келіссөздерді бастайтынын мәлімдеді. Солшылдар бірнеше аймақтық партиялармен өздерінің басқарушы коалициясын құруға тырысуы мүмкін, бірақ бұл оңай болмайды.
Еске салайық, 23 шілдеде Испанияда елдің негізгі заң шығарушы органына сайлау өтетінін бұған дейін жазған едік. Испандықтар төменгі палата – Конгрестің (350 орын) жаңа құрамын, сонымен қатар Сенаттың 265 орнының 208-ін сайлауы тиіс болатын. Негізгі тартыс қандай партиялар арасында жүретінін және Испанияның саяси жүйесі үшін бұл сайлаудың маңызы жөнінде ҚазАқпарат шолу материал ұсынған болатын.