Апат салдарынан тағы 100-ге жуық адам зардап шеккен. Олардың 53-і ауруханада ем қабылдап жатыр, ал 15 адамның жағдайы ауыр.
Бұған дейін қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Аргентина, Жапония, Филиппин, Оңтүстік Корея және Қытай азаматтары бар екені хабарланған болатын.
Теміржол апаты 28 қазанда Испанияда Renfe және Iryo пойыздарының соқтығысуы салдарынан болған.
Испанияның көлік министрі Оскар Пуэнтенің мәлімдеуінше, қайғылы оқиғаға дейін сигнал беру жүйесінде ақау туындап, диспетчерлік орталық пойыздардың қозғалысын қайта бастау туралы шешім қабылдаған.
Осы оқиғаға байланысты Испанияда 29–31 қазан аралығында жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.
ҚР Сыртқы істер министрлігі қаза тапқандар мен жарақат алғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеді.