Клубтың мәліметінше, футболшы 3 қараша күні таңертең қайтыс болған. Команда марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ оны танитын барша жанға көңіл айтты.
Қайғылы оқиға 2 қарашада Испания чемпионатының екінші дивизионы аясында өткен «Тенерифе» мен «Андорра» командаларының матчында болды. Cope басылымының хабарлауынша, де Мигель қарсылас команданың қақпашысы Хесус Овономен соқтығысып, алаңға құлаған.
Медициналық топ шабуылшыға бірнеше минут бойы алаңда алғашқы көмек көрсетті. Кейін оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізген. Алайда дәрігерлер футболшының өмірін сақтап қала алмады.
Айта кетейік, Хесус де Мигель «Тенерифе» клубына 2025 жылы қосылған. Бұған дейін Испанияның «Кастельон», «Унионистас» және «Фуэнлабрада» командаларында өнер көрсеткен.
Еске салайық, бұған дейін Ризабек Айтмұханның әлем чемпионатында алған жарақатына қатысты тың дерек шыққан еді.