Италияда 6,1 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. KAZINFORM – 2 маусым күні Италияның оңтүстігіндегі Калабрия жағалауында магнитудасы 6,1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Синьхуа агенттігі Италияның Ұлттық геофизика және вулканология институтына сілтеме жасап хабарлады.

Фото: Анадолы

Институт мәліметінше, жерасты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша сағат 00:12-де (Гринвич уақытымен дүйсенбі күні 22:12-де) болған. Жер сілкінісінің ошағы шамамен 250 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, дүмпулер Италияның оңтүстігінде, атап айтқанда Калабрия, Сицилия, Кампания және Апулия аймақтарында сезілген.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Чилиде магнитудасы 6,7 болатын жер сілкінісі тіркелгенін хабарлаған едік.

                                                                             Дария Ғұмар