Италиядағы таулы курорт қардың астында қалды

Фото: BILD

АСТАНА. KAZINFORM — Италияның Пьемонт аймағындағы Макуньяга ауылын қалың қар басып қалды. Түнде қардың қалың жауғаны сонша, кей жерлерде оның қалыңдығы бір жарым метрге жетті, деп хабарлайды BILD.

Монте-Роза тау жотасының етегінде 1300 метрден астам биіктікте орналасқан ауылдың көшелері қар құрсауында қалып, ақ ұлпа көліктерді басып, жолда жүруді қиындатты.

Синоптиктер жауын-шашынның 70 сантиметрге дейін болатынын болжады, бірақ қар айтарлықтай қалың жауды. Билік мектептер мен балабақшаларды жауып, қар көшкіні қаупі артатынын ескертті. Өңірдегі кейбір жолдар жабылып, бір жергілікті теміржол желісінде қызмет көрсету тоқтатылды.

Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын әлемдегі ең үлкен шөл саналатын Сахарада қар жауды. Мұндай құбылыс бұл өңірде өте сирек кездеседі. Шамамен он жылда бір рет болады.