Италиялықтар Семейде деректі фильм түсіріп жатыр

Фото: None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Италиялық журналистер Семей қаласында деректі фильм түсіріп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат қаланың ақпарат орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Италиялық журналистер Пьерпаоло Миттика мен АлессандроТессей көптеген жылдар бойы ядролық полигорнды зерттеумен айналысады.Зерттеушілер осы жылдар ішінде Фукусиму мен Чернобылде болған. Табиғат пенжергілікті тұрғындарға ұзақ жылдар бойы залал әкелген Семей ядролық полигонында назардан тыс қалдырмады. Италиядан келген қонақтар қазір Семейде сынақөткізілген жылдары мұнда қандай жағдай болғаны, бұрынғы полигонның орнындақазір не болып жатқаны туралы деректі фильмде айтылады.

«Біз Қазақстанда турист ретінде емес, жұмыс істеуге келдік.Таңертең Балалар үйінде болдық. Ол жерде дамуында ауытқулары бар балалардыкөрдік. Бұған қарау өте қиын. Полигонмен болған жағдайдың салдары сіздердіңеліңізде, осы өңірде өте қатты байқалады. Бізге осындай адамдармен жұмыс істеужәне бұны көру өте қиын соғуда», - деді журналист-фотограф Пьерпаоло Миттика.

Соңғы жаңалықтар