IX қысқы Азия ойындары Харбинде салтанатты түрде ашылды

Фото: Фото: Сали Сабиров

ХАРБИН. KAZINFORM –Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарының салтанатты ашылу шарасы жершілікті уақыт бойынша 7 ақпан күні сағат 20:00-де ресми түрде басталды.

Салтанатты шараға Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Пәкістан Президенті Асиф Али Зардари, Таиланд премьер-министрі Пхетхонгтхан Чинават, Корея Ұлттық ассамблея спикері У Вон Сик, Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах және Азия Олимпиадалық кеңесінің (АОК) бірінші вице-президенті Тимоти Фолк Янг-Тинг қатысты. 

Фото: Сали Сабиров
Фото: Сали Сабиров
Фото: Сали Сабиров

Спортшылардың стадионға кіру рәсімі шамамен 50 минутқа созылады. Қазақстан делегациясы алаңға 12-болып кірді. Хоккейші Әділ Бекетаев және шорт-трекші Ольга Тихонова Қазақстан құрамасының туын ұстап шықты. 

Фото: Сали Сабиров
Фото: Сали Сабиров
Фото: Сали Сабиров

Осыдан кейін, Қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитеті бас хатшысының орынбасары, атқарушы комитет директорының орынбасары және Харбин қалалық халық үкіметі әкімінің орынбасары Чжан Хайхуа мен АОК бірінші вице-президенті Тимоти Фолк Янг-Тинг сөз сөйледі. Қытай төрағасы Си Цзиньпин ашылу салтанаты ашық деп жариялады. 

Фото: Сали Сабиров
Фото: Сали Сабиров
Фото: Сали Сабиров
Фото: Сали Сабиров
Фото: Сали Сабиров

Айта кетейік, Қысқы Азиадаға Қазақстаннан 137 спортшы қатысады. Жарыстар Харбин қаласында және Ябули тау шаңғы курортында өтеді.

Сондай-ақ, додаға Азияның 34 елінен/аймақтарынан барлығы 1275 спортшы (755 ер, 520 әйел) қатысып, рекордтық көрсеткішке жетті