Іздеу жарияланған 202 қылмыскер табылды - ҚР ІІМ

АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Апта ішінде 6385 қылмыс тіркеліп, «ізі суымай» 3509 қылмыс ашылды. Бұрын жасалған 747, оның ішінде өткен жылдардағы 23 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 202 қылмыскер іздестіріліп, табылды.  Бұл жайында ҚР ІІМ мәліметтерінде хабарланған.

Аталған уақыт ішінде 8 бірлік қару-жарақ тәркіленді. 40 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 27 сату фактісі. 223 келіден астам  есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде 240 граммы героин.