Басқарманың мәліметінше, 30 қазандағы жер сілкінісінен кейін жалпы саны 1 713 афтершок тіркелген.
Зілзала салдарынан 114 адам қаза болып, 1 035 адам жарақат алған. Оның 898-і медициналық көмек көрсетілген соң үйіне жіберілген, 137-сі емделіп жатыр.
Измирдегі 17 ғимараттың 15-інде іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. Құтқарушылар қалған 2 ғимаратта жүмысын жалғастыруда.
Еске сала кетейік, 29 қазанда Измир провинциясы Эгей теңізінің жағалауында магнитудасы 6,6 балдық жер сілкінісі болған еді.