АСТАНА. KAZINFORM – ЦАХАЛ атысты тоқтату келісімі аясында алдағы 24 сағат ішінде Ливанның оңтүстігінен әскерлерін алып шығады, дегенмен бес стратегиялық позицияда Израиль әскерлері қалады. Бұл туралы Ynet порталы хабарлады, деп жазады ТАСС.
Kan радиосының хабарлауынша, Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) Ливанның оңтүстігіндегі шиит Хезболла содырлары қайта бас көтеруіне жол бермеу үшін бес позицияда қалады. ЦАХАЛ ол жерлерде қанша уақыт болатыны әзірге белгісіз.
Бұған дейін Израиль мен Ливан Израиль әскерін шығару туралы келісімді 18 ақпанға дейін ұзартқан болатын.
Еске салайық, Ливанда Наваф Салам басқаратын жаңа үкімет жасақталды.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы