Израиль БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінен шығатынын жариялады
АСТАНА. KAZINFORM – Израиль сыртқы істер министрі АҚШ-тың БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінен шығу туралы шешімін құптап, өз елінің де солай етуге ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды DW ақпарат агенттігі.
АҚШ-тан кейін Израиль БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің жұмысына қатысуын тоқтататынын жариялалы.
Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі Гидеон Саар сәрсенбі, 5 ақпан күні X әлеуметтік желісіндегі аккаунтында жазды.
- Израиль президент Трамптың БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің жұмысына қатыспау туралы шешімін құптайды. Израиль Құрама Штаттарына қосылады және БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің жұмысына қатыспайды, - делінген министр мәлімдемесінде.
Саар БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесін «адам құқықтарын бұзушыларды дәстүрлі түрде қорғап отыр» және «Таяу Шығыстағы жалғыз демократия – Израильді демонизациялауда» деп айыптады.
- Бұл орган адам құқықтарын ілгерілетудің орнына демократиялық елге шабуыл жасауға және антисемитизмді насихаттауға басымдық беріп отыр, - деп қосты саясаткер.
Израиль СІМ-нің басшысы сондай-ақ өз еліне қарсы жүзден астам айыптайтын қарар қабылданғанын еске салды.
Айта кетейік, бұған дейін БҰҰ Газа секторынан 2500 баланы шұғыл эвакуациялау қажеттігін мәлімдеген.