БҰҰ: Газа секторынан 2500 баланы шұғыл эвакуациялау қажет
АСТАНА. KAZINFORM – Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерриш Газа секторынан 2500 баланы шұғыл эвакуациялау керектігін айтты. Бұл туралы Анадолы жазды.

Гутерриш Газада жұмыс істейтін төрт америкалық дәрігермен кездескеннен кейін әлеуметтік желідегі X парақшасында хабарлама жариялаған.
Оның айтуынша, Газада жұмыс істейтін дәрігерлермен кездесу оған үлкен әсер қалдырған. Гутерриш дәрігерлердің жанқиярлығы мақтауға тұрарлық екенін атап өтті.
– 2500 бала Газадан шұғыл эвакуациялануы керек және емдеу аяқталғаннан кейін олардың отбасыларына қайтарылуын қамтамасыз ету керек, – деп жазған Гутерриш.
Айта кетейік, Израиль палестиналықтардың Газа секторының солтүстігіне жаппай оралуына рұқсат берді.
Газа секторындағы үйлердің 92% қираған. Оларды қайта қалпына келтіруге бірнеше жыл қажет.
Құтқарушылар атыс тоқтағаннан бері Газа секторындағы үйінді астынан 162 адамның мәйітін шығарды.
Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Қазақстанмен бірлесіп Газа секторына көмек жіберді.
ДДСҰ Газа секторына медициналық қолдауды күшейтуге дайын екенін мәлімдеді.
Гуманитарлық көмек тиеген 900 жүк көлігі Газаға жетті.