Израиль ХАМАС жексенбі күні қайтарған тағы үш тұтқынның жеке басын раcтады

Фото: Anadolu

АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министр кеңсесі сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша ХАМАС қайтарған мәйіттердің Израиль әскери қызметкерлеріне тиесілі екенін расталғанын хабарлады, деп жазды ВВС.

Олар 40 жастағы полковник Асаф Хамами, 21 жастағы капитан Омен Неутре және 19 жастағы сержант Оз Даниэль. Тағы сегіз израильдік және шетелдік тұтқынның мәйіті Газа аумағында қалып отыр.

ХАМАС-тың әскери қанаты — «Изз ад-Дин әл-Қассам» бригадалары жексенбі кешке үш тұтқынның мәйітін Қызыл Крест өкілдеріне тапсырған. Ұйым олардың «Газаның оңтүстігіндегі тоннельдердің бірінің бойынан табылғанын» мәлімдеді.

Мәйіттер Газада Израиль әскерилеріне берілді, содан кейін анықтау үшін Тель-Авивтегі Ұлттық сот-медициналық орталығына жеткізілді.

Дүйсенбі таңертең Израиль премьер-министрінің кеңсесі бұл мәйіттердің полковник Хамами, капитан Неутре және сержант Даниэльге тиесілі екенін растады.

«Израиль үкіметі Хамами, Неутре және Даниэль отбасыларының, сондай-ақ қаза тапқан барлық тұтқындардың отбасыларының ауыр қайғысын бөліседі», — делінген мәлімдемеде.

Израиль үкіметі ХАМАС өзінің міндеттемелерін орындауға және барлық тұтқындарды қайтаруға тиіс екенін айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін ХАМАС Израильге кепілге алынғандарға тиесілі емес тағы 3 адамның мәйітін тапсырған.