Израиль «Хезболла» командирін тұтқынға алды — БАҚ

Фото: lasportal.org

АСТАНА. KAZINFORM — Израиль әскери тобы ел шекарасынан 140 км қашықтықта Ливанның солтүстігінде Хезболла қозғалысының командирін тұтқындады. Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігі Израильдің N12 телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Телеарнаның хабарлауынша, тұтқынға алынған «Хезболла» командирі Израильге жеткізіліп, тиісті барлау бөліміне жауап алуға жіберілген.

Кейбір БАҚ хабарлауынша ұсталған «Хезболла» командирі теңіз-әскери күштерінде басшылық қызмет атқарған.

Бұған дейін хабарланғандай, Израиль Ливанның оңтүстігінде «Хезболла» нысандарына соққы беріп, 65 адам мерт болды.

Сонымен қатар «Хезболла» жаңа басшысын сайлады.