Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Израиль аумағында БАПОР қызметіне тыйым салатын заңның дереу орындалуын бұйырды. Бұл туралы Премьер-Министрдің кеңсесі хабарлады.
— Нетаньяху Кнессет қабылдаған БАПОР туралы заңның дереу орындалуын бұйырды, — делінген хабарламада.
Кеңсе «премьер-министрдің тапсырмасын орындауға ешқандай шектеу жоқ» екенін атап өтті.
Еске сала кетсек, өткен жылдың қазан айында Израильде Біріккен ұлттар ұйымының Таяу Шығыс елдеріне көмек көрсететін БАПОР жұмысына тыйым салатын қарар қабылданды.
Құжатқа сәйкес, БҰҰ-ның палестиналық босқындар жөніндегі агенттігіне немесе UNRWA-ға Израильде «кез келген жұмыс» жүргізуге немесе қандай да бір қызмет көрсетуге тыйым салынады. Израиль билігіне БАПОР-мен кез келген байланыс орнатуға тыйым салынады.