Израиль шабуылы: Газада бір күнде 40-тан астам палестиналық қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM — Израильдің Газа секторына жасаған әуе соққыларынан соңғы тәулікте қаза тапқандар саны 44-ке жетті, деп хабарлайды ТАСС.
Ең көп құрбан болғандар Нусейрат және Эль-Брейдж босқындар лагерінде тіркелді. Онда 18 адам қаза тауып, 50-ден астамы жараланды. Барлығы әл-Ауда ауруханасына жеткізілді.
Соңғы 24 сағат ішінде Израиль күштері анклавтағы 100-ге жуық нысанаға шабуыл жасады. Хан-Юнис пен Рафахтың оңтүстік аймақтары қарқынды әуе шабуылдары мен атқылауға ұшырады. Онда радикал ХАМАС қозғалысының содырлары атысты тоқтату режимін бұзды.
Бұған дейін Палестина Денсаулық сақтау министрлігі 10 қазанда атысты тоқтату келісімі күшіне енгеннен бері Газа секторында 51 адам қаза тауып, 150-ден астам адам жараланғанын хабарлаған болатын. Газа билігі Израильді 8 күн ішінде атысты тоқтату келісімін 47 рет бұзды деп айыптады.
Бұған дейін Израиль Газа секторының солтүстігіне әуеден шабуыл жасады.