Бұл ретте Израиль өз әскерінің Дамаскіге қарай ілгерілеп жатқанын жоққа шығарып, оның мақсаты шекараны қорғау және қару-жарақтың содырлардың қолына түсуіне жол бермеу екенін мәлімдеді.
Кейінгі күндері ел астанасы Дамаск пен Латакия порты Израиль әуе шабуылдарының нысанасына айналды.
«Сириядағы адам құқықтарының сақталуын бақылау орталығы (OSDH)» үкіметтік емес ұйымының мәліметінше, Башар Асад жексенбі күні қашқаннан бері Израиль 300-ден астам әуе шабуылын жасады.
Бұған дейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху сот алдында 2016 жылы жасалған сыбайлас жемқорлық дерегіне қатысты куәлік етіп жатқанын жазған болатынбыз.