Израиль Түркиядағы дипломаттарын қайтарып жатыр

Фото: pixabay.com

Израиль Сыртқы істер министрі Эли Коэн Түркиядағы дипломаттарын кері қайтару туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Kazinform бұл туралы BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

28 қазан күні кешке Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Ыстанбұлда палестиналықтарды қолдауға бағытталған және миллионнан астам адам қатысқан митингіде сөз сөйлеген болатын. Ол Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуды террорист деп атап, Израильді басқыншылық үшін кінәлап, батыс елдерін палестиналықтарды жаппай өлтірді деп айыптады.