АСТАНА. KAZINFORM — Израиль үкіметі ХАМАС ұйымымен Газа секторындағы атысты тоқтату келісімінің бірінші кезеңін мақұлдағанын растаған болатын. Сол келісімнен кейін шабуыл тоқтаған, деп жазды Aljazeera .
Агенттіктің қоршауда қалған тілшісі Израильдің әуе шабуылдары ратификациядан кейін бірнеше сағат өткен соң тоқтағанын хабарлады.
Дегенмен, Израиль шенеуніктері атысты тоқтату келісімі алдағы 24 сағат ішінде ғана күшіне енеді деп мәлімдеген. Сондықтан шабуылдарды тоқтату тұрақты болатын немесе болмайтыны әлі де белгісіз.
Осыған дейін Израиль үкіметі ХАМАС ұйымымен келісімді бекіткені туралы жаздық.
Динара Маханова
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі. Еңбек жолын 2011 жылдан бастаған. Әр жылдары аймақтық басылымдар мен «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігі және республикалық «Астана» телеарнасында жұмыс істеген.