Jibek joly телеарнасы Астана халықаралық форумынан тікелей эфирде хабар таратады

Фото: Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Астана халықаралық форумы (AIF) 29-30 мамырда өтеді.

Бүгін форумға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы ресми делегация жетекшілерімен, халықаралық ұйымдар мен компаниялар басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.

Әлем көшбасшылары мен алпауыт қауымдастық өкілдерінің басын қосқан жиында нендей тақырып талқыланбақ? Жиын Қазақстанның экономикалық әлеуетіне қандай өзгеріс әкелуі ықтимал? Kazinform аналитикалық шолушысы сарапшылар пікірін сабақтастыра жауап іздеді.