Jusan bank Қазақтелекомдағы үлесін 42 млрд теңгеге сатты
АСТАНА. KAZINFORM — Jusan bank 2024 жылы желтоқсанда «Қазақтелеком» АҚ-тағы 9 пайыз үлесін сатқан кездегі мәміле сомасы белгілі болды.
— 2024 жылдың желтоқсанында банк «Қазақтелеком» АҚ-тың 983 мың дана акциясын, бір қарапайым акцияны 43.498 теңгеден 2025 жылдың 24 наурызына дейін бөліп төлеу шартымен сатты, — делінген банктің 2024 жылға арналған қаржы есебінде.
Мәміле жасалған сәттегі акцияның баланстық құны мен сатылған кездегі әділ құны арасындағы айырмашылық 1,5 млрд теңгені құрайды.
2024 жылдың 31 жетоқсанындағы мәліметке сәйкес, борыш сомасы 31 млрд теңге болды.
Jusan Bank 2024 жылдың желтоқсанында «Қазақтелекомдағы» үлесін Telecom Systems Ltd компаниясына сатып жіберген еді.
Айта кетейік, өткен жылдың сәуірінде Jusan bank «Самұрық-Қазынадан» өз облигацияларын сатып алып, мемлекет көмегінің 100 миллиард теңгесін мерзімінен бұрын қайтарған болатын.