«Өткен жылы көшеде жасалатын қылмыстар саны - 7 пайызға, қоғамдық орындардағы қылмыстар 7 пайызға артқан. Биылғы жылы да осындай үдерістер байқалады. Алайда, объективтілік үшін айта кетейік. Бұл статистикалық көрсеткіштердің өсуі біздің көшелеріміз бен қоғамдық орындарымызда қылмыс өршіп тұр дегенді білдірмейді. Бұнда қылмыстардың тіркелуіне мемлекеттік қадамның өзгерістері, полиция қызметінің сапалық жағынан жақсаруы мен құқық бұзушылықты ашуды қағидатты бағалау себеп болып отыр», - деп түсіндірді ІІМ басшысы.
Оның айтуына қарағанда, соңғы кездері жол патруль полициясы қызметінің нәтижелілігі артып, олардың көмегімен 14,5 мыңнан астам қылмыс ашылған.
«Жалпы алғанда қабылданып жатқан шаралар көше қылмысының өсімін тоқтатуға, ұсақ қылмыстарды анықтап, алдын алуға оң серпін бермек. Бұның өзі қоғамда бұзушылықтарға «нөлдік төзімсіздік» принцптерін қалыптастыруға жәрдемдеседі», - деді ведомство басшысы.