Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов бүгін Юрий Ильинді ІІМ Орталық аппаратының жеке құрамына таныстырды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.
Ильин Юрий Викторович 1968 жылы дүниеге келді. Алматы жоғары командалық училищесін тәмамдаған. КСРО Қарулы күштерінде, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінде әскери қызметтер атқарған. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарды.