«Кеше кешкісін балалардың қауіпсіздігі үшін екі пункттегі Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу мерзімін 7 маусымға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Ата-аналар мен ұстаздарға қажетті мәліметтер берілді. Барлық пункттерде ҰБТ штаттық режімде жүргізілу үстінде. Егер сіздің тарабыңыздан тапсырма болатын болса, онда мен Ақтөбеге өзім барып, жағдайды бақылауға аламын», - деді министр ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке қарата.
«Барыңыз, жиналыстан кейін ұшып кетіңіз. Облыс әкімімен бірлесіп, бұл мәселені бақылауға алыңыз»,- деді Үкімет басшысы.