Қ.Тыныбеков ҚР ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Өкімімен Қайрат Сағатханұлы Тыныбеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.