Еске салсақ, 23 қарашада УЕФА Еуропа лигасы топтық кезеңінің 5-туры аясында «Астана» Испанияның «Вильярреал» клубына есе жіберді .
Бір қуантарлығы осы матчтағы елордалық футболшы Жуниор Кабананаганың голы УЕФА тұжырымы бойынша аптадағы ең үздік 5 голдың қатарына енді. Шабуылшының голын белгілі шетелдік БАҚ-та атап өтті.
«Кабананга бесінші турдың алғашқы және үздік голдарының бірін соқты. Ол алыстан дәл соққы жасап, есепті 1:0 қылды. Одан әдемі гол көрсеңіз, жолыңыздың болғаны!» - деп жазды Talkingbaws.com сайты.
Айта кетейік, «Астананың» плей-офф кезеңіне шығу мәселесі шешуші турда белгілі болады. Әзірге ел чемпионының еншісінде 7 ұпай бар.